Ақмолалық оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауында бір алтын, 5 күміс және бір қола медаль жеңіп алды

2022 жылдың 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында офлайн форматта 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өткізілді. Ақмола облысынан байқауға 18 ғылыми жобамен 22 талантты және дарынды жас зерттеушілер қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің алаңында соңғы кезеңде байқауға қатысушылар 597 ғылыми жобаны ұсынды, оның авторы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 749 Жас зерттеуші.

Байқаудың қорытынды кезеңінде Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 11 сынып оқушысы Штырбу Злата, алтын медальмен марапатталды. Сондай-ақ, ол Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантының иегері атанды.

Күміс медаль иегерлері: Давлетов Амир- Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы; Манапов Қымбат- Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы.

Тлеулин Нуртас – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы; Егінбай Ақниет және Бекмолдина Жанерке – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушылары.

Қорытынды кезеңнің қола медалі Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы Бураканова Дильназға бұйырды. Сондай-ақ, оған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім грантының иегері атанды.

Целиноград ауданы Қосшы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары бойынша Айдана Айтуганова және Әбдіқадір Әдемі, ерекше жетістігі үшін грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий