FIRST оқушыларға арналған робототехника бойынша халықаралық жарыстың жеңімпаздары марапатталды

Ақпанның айының 25-27 күндері аралығында Алматы қаласында FIRST оқушыларға арналған робототехника бойынша халықаралық жарыстың ұлттық финалы өтті. «USTEM Robotics» қоры Қазақстандағы FIRST жарысының ұйымдастырушысы және операторы болды. Ұлттық кезеңді өткізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстандағы АҚШ елшілігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» елдік офисі, «Шеврон» компаниясы және Сулейман Демирель атындағы университет қолдау көрсетті. Организатором и оператором FIRST в Казахстане стал фонд «USTEM Robotics», – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Жарыстың басты жеңімпаздары және АҚШ-тағы FIRST халықаралық финалына жолдама ұтып алған келесі командарлар анықталды: Нұр-Сұлтан қаласындағы Quantum STEM School және Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ Алматы қаласынан «4D» және Нұр-Сұлтан қаласынан «Champions» командалары.
Олардан басқа, Мәскеу қаласындағы FIRST аймақтық жарыстарға 10 команда, ал Красноярск қаласына 6 команда аттанады. Төрт оқушы Сулейман Демирель атындағы университетте оқуға мүмкіндік беретін грант ұтып алды. Қазақстандық FIRST жарысының финалына еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 600-ден астам оқушы қатысты. 2022 жылғы FIRST жарысының тақырыбы «Жүк тасымалы» болды. Сондықтан қатысушылар көрсеткен роботтарға шағын жүктерді тасымалдау, тауарларды сұрыптау және апаттармен кедергілерді айналып өту тапсырмалары берілді.

Сондай-ақ, қатысушылар инновациялық жобаларды ұсынды: олар өз аймақтарындағы логистика және тасымалдау мәселелерін зерттеп, мүмкін болатын шешімдемен бөлісті. «Чемпионатқа Қазақстанның шағын ауылдары мен қалаларынан келген балаларды ерекше атап өткім келеді, – дейді «USTEM Robotics» қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет. «Біз бұған дейін Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысынының Атбасар қаласында оқушылар мен мұғалімдер үшін робототехника бойынша тренингтер мен конкурстар өткіздік, балалар мен оқытушылардың қызығушылығын көрдік. Чемпионатқа келген олар өздерінің білімдерінің үлкен қалалардағы оқушылардың білімінен кем емес екеніне көз жеткізді».
Оқушылардан басқа «Best Mentor Award» номинациясында алты мұғалім FIRST марапатына ие болды. Аталмыш марапат иелерінің бірі Әсем Қасым Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының информатика және спорттық робототехника мұғалімі болып табылады. «FIRST сияқты іс-шараларды үнемі балалардан бөлек, өздерінің тәжірибелерімен алмасу үшін мұғалімдерге арнап өткізу маңызды. Робототехника-өте күрделі ғылым, оны бірнеше тұрғыдан қарастырған жөн: бағдарламалау мен инженериядан басқа, ол үшін шығармашылық әлеуетті дамыту қажет», – дейді Әсем.

Келесі жылы FIRST жарысының ұйымдастырушылары «USTEM Robotics» қоры чемпионаттың таралу аймағын кеңейтіп, оны Орталық Азия елдері үшін, бірінші кезекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан оқушылары үшін ашық етуді, сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдерді қолдау және жалпы Қазақстандағы білім беру робототехникасын дамыту үшін ақшалай гранттарды көбірек тартуды жоспарлап отыр.
Загрузка...FIRST халықаралық чемпионаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен мұғалімдерге қатысуға ұсынған олимпиадалар тізіміне кіреді. Жарысқа 6-18 жас аралығындағы кез-келген оқушы қатыса алады. Толық ақпарат http://firstrobotics.kz/ сайтында берілген.