А.Байтұрсынов – 150: Қостанайлық шәкірттердің интерактивті алаңы

Қостанай қаласының жетпістен астам оқушылары жерлесіміз, көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ғалым, қазақ тілінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған интерактивті алаңға қатысты, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Қостанай-Плаза» сауда-ойын-сауық орталығының қолдауымен Қостанай қаласының білім басқармасы, Білім бөлімі, мәдениет басқармасы осы интерактивті алаңның ұйымдастырушылары болып табылады. Екі күн бойы Қостанай қаласының оқушылары мен студенттері облыс орталығының тұрғындарын ұлы А.Байтұрсыновтың мұрасымен таныстырады.
Алаң аясында оқушылар А.Байтұрсыновқа арналған әдеби-көркем композициялар, шағын қойылымдар, би және музыкалық нөмірлер көрсетті, өз шығармаларымен қатар А. Байтұрсыновқа арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жалпы, облыстың білім беру ұйымдарында жыл бойы сынып сағаттары, ашық сабақтар, кітап көрмелері, ғылыми-практикалық конференциялар, эссе жазу, онлайн викториналар, челлендждер, спорттық жарыстар өткізіледі, А.Байтұрсыновқа арналған бұрыштар ұйымдастырылады.
