Дағдылар жәрмеңкесі

Қазіргі қоғамда әрбір оқушы айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауға, жоспарлауға, өз уақытын, эмоционалдық жағдайын басқаруға көмектесетін soft-skills дағдыларды меңгеруі керек.  Осыған орай мектептің 10-11 сынып оқушылары арасында «Метатанымдық дағдыларды дамыту – оқушының табыс факторы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүзеге асыру мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Өзіміз білетіндей, метатанымдық дағдылар – бұл адамның өз танымы туралы таным. Алғаш рет 1776 жылы Джон Флавелл бұл зерттеу ойлау процестерін реттеу мен бақылауды зерттеуге бағытталған іс-әрекет екендігін айтқан. Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары үшін «Метакогнитивті дағдылардың оқушылардың табысты дамуының факторы ретіңде» зерттеу тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.

Зерттеу былтырғы жұмыстың жалғасы есебінде өтті. «Дағдылар жәрмеңкесі» тақырыбындағы бірлескен іс-шараны педагог- ұйымдастырушы-кураторлар Г.Орунханова, М. Биахметова, А.Ахметова, Д.Нұрғазина және  педагог-психологтары М. Кочетова, А. Жоламанова, Ж. Мухаметкалиевалар ұйымдастырды. Алдын ала жүргізілген сауалнама арқылы «Эмоционалды интеллект», «Күйзеліс», «Уақытын тиімді пайдалану» және «Сөз сөйлеу шеберлігі» дағдыларын дамыту қажеттілігі туындады.

Бұл іс-шараға оқушылармен  қатар ата-аналар және ұстаздар шақырылды. Оқушылар тренингтар мен ойындар арқылы өзін-өзі ұйымдастыру, көрсету, бағалау, жоспарлау, көпшілік алдында сөйлей білу метотанымдық дағдыларын көрсете білді. Жәрмеңкеге қатысушыларға эмоционалды көңіл күй сыйлау мақсатында кіргеннен «Ізгі қадам» тренингі ұсынылды. Арнайы түстерге жазылған бағыттар бойынша ата-аналар, ұстаздар, оқушылар топ құрып, топтық тапсырмалар мен ойындар орындады. 

«Психологическая баня», «Сөз шебері», «Белка в колесе», «Қызық таймс» бағыттары бойынша түрлі тренинг ойындары мен жаттығулар ұйымдастырылды. «Snack time» аялдамасында әр топ дастарханнан дәм тата отырып алған әсерлерімен бөлісті. Көшбасшылар кеңесі ұйымының оқушылары белсене қатысып, ойындар мен тренингтерді жүргізді. Метотанымдық дағдыларды толық меңгере алмаған арнайы фокус топтарға тапсырмалар берілді.

Г. ОРУНХАНОВА,
М. БИАХМЕТОВА,
А. АХМЕТОВА,
Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий