Бар байлықты сақтап, келер ұрпаққа аман – есен жеткізу – парызымыз

Биылғы наурыз айының 1-і күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен партия сьезі жоғары деңгейде өтті. Бас қосуда партия атауы «Аманат» деп өзгертілді, бірқатар  нақты ұсыныстар айтылды. Қазіргі уақытты өзгермелі заман дейтін болсақ, осы тұста Президент тәуелсіздікті сақтау, «Жаңа Қазақстан» құру, елді жаңарту бағыты бойынша қызмет ету қажеттілігіне басты назар аударды.

Партияны жаңғыртудағы жеті басымдыққа көп көңіл бөлінетіндігін айтты: халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру; партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру; партияның жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету; партиялық бақылауды күшейту; партияның бағдарламалық құжаттарын қайта құру; халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу; жастардың жұмысын қолдау,жетілдіру.

Жаңарту саласында xалықтың аз қамтылған бөлігін қолдау, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу, өңірлерді кешенді дамыту, көпбалалы отбасыларға жәрдем беру сияқты өзекті мәселелер шешімін табады деп есептейміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияны «Аманат» деп атауын толық қолдаймын. Қазіргі кезеңде біз жаңа даму кезеңіне өттік.

Барлық қазақстандықтар Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла кірісу қажет. «Аманат» партиясы жаңа бастамаларға ұйытқы болып, қазақ елі Қазақстанның тыныштығын, бейбіт өмірді сақтап, қадірлеуіміз қажет. «Аманат» деген ұғымды қазақтар терең ұғым деп санайды. Бар байлықты сақтап, ұрпаққа аман-есен жеткізу – парызымыз. Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім бере отырып, білім алушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру  – басты міндетіміз деп санаймыз.

Базархан Сагинаевна ИМАНГАЛИЕВА,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің оқытушысы,
педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий