Ақмола облысында колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік байқауы қорытындыланды

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында онлайн конкурс өткізілді. Аталған сайысты білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастырды. Білім додасының мақсаты дарынды оқытушыларды қолдау, педагогикалық мамандықтарды танымал ету, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Конкурста жалпы білім беретін және арнайы пәндердің 26 оқытушысы педагогикалық сала және жалпы білім беру пәндері бойынша 2 бағытта бақ сынады. Конкурс барысында педагогтер теориялық және практикалық дайындықтарын, білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдерді шебер пайдалана алуын көрсетті. Педагогикалық мамандықтар бойынша келесі жеңімпаздар анықталды.

Жүлделі бірінші орын – Т.М. Жоламанова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы; 2 орын – Е. Н. Виссарионова, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы; 3 орын – К.Ж. Искендерова, Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы.

Жалпы білім беру пәндері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – А.Е.Касымов, Красный яр а. агротехникалық колледжінің оқытушысы; 2 орын – Ж.А.Ехсанова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы; 3 орын – Г.Е. Ибраева, азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы. Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! Жеңімпаздарға конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғауда сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий