Шәкірттеріміз жүлделі оралды

Өткен аптада «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді. Шымкентте ұйымдастырылған конкурсқа Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері әзірлеген бес жоба қатысып, соның үшеуі жүлдеге ілікті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 9 сынып оқушысы Аяулым Хамитханова (ғылыми жетекшісі: С.Шаянбаева) І орын,  9 сынып оқушысы Асқар Жұмабеков пен 12 сынып оқушысы Ерлан Егісбеков жұбы (ғылыми жетекшілері: А.Жұмабеков, Ж.Ахатаева) ІІІ орын, 12 сынып оқушылары Айбек Серікқали мен Аружан Тоқановалар жұбы (ғылыми жетекшілері: А.Сүлейменова, С.Анибаев, Қ.Қалиева, О.Сүлейменов) ІІІ орынға ие болды.

Конкурсқа еліміздің әр аймағынан 595 жобамен 750-ге жуық дарынды жастардың қатысқанын ескерсек, біздің шәкірттеріміздің жеңісі үлкен жетістік деп білеміз. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий