Адам ағзасын шынықтырудың маңызы
Осындай қиын кезінде шыдай,төзе білетіндей болу үшін ең алдымен мықты денсаулық қажет. Біз әбден ауырған соң дәрігерге жүгіреміз,дәрі-дірмек ішеміз. Ол дәріні қабылдай ма, жоқ па тағы белгісіз. Ал енді дәрігерге жүгірмеу үшін , ауырмау үшін ,кез-келген ауа-райына төзу үшін адамға шынығу қажет. Ағзаны шынықтыру –дененің суыққа, ыстыққа, аңзыққа, шөлге қарсы төзімділігін, қорғанышын арттырады. Шыныққан адамның денесінің сау, төзімді болуымен қатар ішкі құрылысы мен жан дүниесі де бірқалыпты болады.
Адам ағзасын фихикалық және рухани шынықтыруға арналған,арнайы тәжіриебеден өткен бағдарлама бар ма?Біз осы сұраққа жауапты Порфирий Кереевич Иванов еңбектерінен аламыз. Алдымен П.К. Иванов деген кім соған тоқталайық. П.Иванов 1898 жылы Украинаның Ореховка деген селосында кедей жанұяда дүниеге келген. 35 жыл өзгелермен бірдей өмір сүріп,1933 жылдың көктемінде оның өмірінде үлкен бетбұрыс болды. Ол адамзат тіршілігін табиғатпен үйлестіруге болады,су,ауа,жер адамға күш-қуат береді деген ойға келіп,алғаш жаттығуларын бастайды.
Бұл кезде П.Иванов әдісі жұртқа ерсі болып көрінеді.. Оны ешкім қолданбады да, қолдамады да. Оны есі ауысқан деп, Москва, Ленинград, Казань қалаларындағы жындыханаларға жатқызды, түрмегеде қамады. Табиғат берген күш-қуатын керегінше пайдалану арқасында 50 жылдан астам өзіне эксперимент жасаған ол қатаң табиғат жағдайларына суыққа, ыстыққа, аңызыққа, аштыққа, шөлге,түрлі ауруларға қарсы тұра алатын дәрежеге жетті. Кедергілерге қарамсатан П.Иванов еңбегіне оң көзбен қарап,әдіс-тәсілін пайдаланатын адамдар табыла бастады. Себебі ол ғылыми теория жүзінде түсіндіре алмаған құпия тәжіриебе түрінде дәлелдеп береді.
1982 жылы «Огонёк» журналына шыққан «Жарты ғасыр созылған эксперимент» атты Сергей Власовтың мақаласынан соң П.Ивановты бүкіл ел, кейін әлем таныды. Осы оқиғадан кейін Уркаинаға хаттар легі ағылды. Ұлы ұстаз «Айналайын» деп аталатын шынығу жаттығуларының 12 әдісн әрқайсысына жібере бастады. Өзіңді сергек сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суға шомыл.Мүмкіндігіңе қарай: өзенге, көлге, ваннаға шомыл, душ қабылда немесе суық сумен құйын. Бұны жағдайыңа қарай жаса,ыстық сумен жуынсаң суық сумен аяқта.
Салқын су адамды сергітеді,оның қорғаныс күш арттырады, денеге гормондарын дарытады. Шомылар алдында немесе содан соң, мүмкін болса кезінде табиғатқа шық, жалаңаяқ жер басып тұр, ал қыста қар үстінде ең болмағанда 1-2 минут тұр. Ауыз арқылы ауамен бірнеше рет дем алып, оймен өзіңе және барлық адамдарға денсаулық тіле. Бұл жерде ұстаз тәніңмен бірге жан дүниеңді де қалыпқа түсіруге тырысады. Арақ-шарапты аузыңа алма,темекі шекпе. Бұл әдеттердің сендерге қаншалықты зиян екені сендерге белгілі ғой деп ойлаймын.
Аптасына бір рет жұма күні сағат 18.00-20.00-ден бастап жексенбі күнгі күндізгі 12.00-ге дейін толығымен ас-су ішпеуге тырыс. Бұл сенің еңбегің мен жан тыныштығың. Егер қиынға соқса, ең болмағанда бір тәулікке шыда. Бұл әдіс мұсылманның ораза ұстағанына ұқсас. Қазақта да айтпай ма, Үш арсыз бар: ұйқы, күлкі, тамақ. Жексенбі күнгі сағат 12.00-де табиғатқа шық,жалаңаяқ жер басып тұрып, бірнеше рет тыныс ал, жоғарыда айтылғандай тілеу тіле. Бұл сенің ісіңнің мерекесі. Осыдан кейін қалаған тамағыңды ішіп-жеуге болады.
Бұл жерде ұстаз ойы осы тағамсыз да осынша уақыт шыдауға болатынын білгізгісі келеді. Өзіңді қоршаған табиғатты сүй, айналаға түкірме және өз бойыңнан ешнәрсені түкіріп тастама. Осыған дағдылан. Бұл сенің денсаулығың. Яғни табиғат – ананы сүюге,жақсы әдеттерге итермелейді. Барлық адамдармен, әсіресе қарт адамдармен қай жерде болмасын амандас. Өзіңе денсаулық болсын десең – барша жұртпен амандас. Үлкенге құрмет, кішіге ізет жасап инабатты бол деп нұсқау айтады. Амандасу ғылым емес, бұл адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен достық екенн ұмытпа.
Адамдарға, әсіресе, жарлыға, ауру адамға, жәбір көрген жанға, мұқтаждық көргендерге қолыңнан келгенше көмек көрсет, жәрдеміңді қуана жаса, көмегіңді ақ пейіл, шын көңілмен істе. Сен осымен дос табасың және бейбітшілік ісіне көмектесесің. Бұл ақыл кеңесі мұсылман халқының діни, имандылық тәрбиесінде баса назар аударылған. Жұма күндері, мешіт күндер мешітке барып қайыр садақа береміз. Өз бойыңдағы ашкөздікті, жалқаулықты, тойымсыздықты, үрейді, екіжүзділікті, тәкаппарлықты жең, адамдарға сене біл және сүйе біл. Олар туралы әділетсіз сөйлеме, олар жөніндегі жағымсыз пікірлерді жүрекке алма.
Осы жайында қазақта көптеген мақал-мәтелдер бар: «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыз жалғыз атын сойдырар»; «Жақсының жақсылығын айт,нұры толсын»; «Таспен атқанды аспен ат»; «Білгендігің қайсы білмегенді кешірмеген соң»; «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі,жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» және тағы да басқа. Басыңды ауру, нашар күй, өлім сияқты ойлардан босат. Бұл сенің жеңісің. Әрине біз бар жақсылықты алдан, болашақтан күтеміз.
Ойыңды іспен ұштастыр. Оқығаның жақсы. Ең бастысы жүзеге асыр! Яғни адамды сөзіне қарап емес, ісіне қарап таны дегендей «аз сөйле, көп істе» деп кеңес береді. Бұл істің мән-жайын өзгелерге айтып бер, тәжіриебесімен бөліс, бірақ мақтанба. Қарапайым бол. Осы жерде мен Абайдың мына жолдарын айта келеді: Міне, өздеріңіз де байқаған боларсыз П.Иванов адамзаттың тәнімен қоса жанын тәрбиелеуге тырысады. Адамды өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді. Елу үш жыл бойы хируг пышағын ұстаған академик Ашосов «Дәрігердің тұтқыны болудан сақтаныңыздар! Дәрігер-құтқарушыдан жәрдем сұрамайтындай күйге түсу өз қолыңда!»-деген.
П.Ивановтың әдіс-тәсілінің дұрыстығын түсіне білген «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Алпысқызы еліміздің халқын, балаларды салауатты өмір сүруге, шынығуға шақырады. «Бөбек» қорының демеушілігімен Алматыда еліміздің атақты маман дәрігерлерінің қатысумен ғылыми зерттеу конференциясы болды. Ғалымдар мынадай шешімге: П.Ивановтың шынығу әдіс-тәсілі ағзада жүрек, тамыр, тыныс алу, тірек-қимыл жүйелеріне, жылы реттеу және биохимиялық процестерге гормондықпен қорғаныштық қызметке зор пайдалы әсерін тигізді.
Алдымен П.Иванов әдісімен Ұлттық гвардия ұландары шынығуды бастап, қазір барлық жер-жерде жалғасын табуда. Ақтөбе қаласында да енді қолға алынып келеді. Қаламыздаға «Ақ бөбек» реабелитация орталығында, № 42 мектеп осы әдіс топтық жүйеде жүргізілу үстінде. Міне, жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа аяқ бастық. Жер бетін өзгерттік, завод, фабрика салдық, табиғатты табиғи күйінен айырдық. Халық өмір сүрудің жеңіл, қулық-сұмдыққа толы жолдарын меңгере түсуде. Я, шынында біз жылыжайда өсетін өсімдікке ұқсаймыз, ауру-сырқауды көтере алмаймыз. Нақ осы кезеңде ұлы-ұстаз әдісі керек-ақ.
«Ешқандай байлық, атақ адамды бақытты ете алмайды. Дені сау қайыршы, ауру корольден бақыттырақ» деген ежелгі Рим философы Цицерон. Қазақ айтады: «Дені сау болса жарлымын деме, Жолдасың көп болса жалғызбын деме».
Эльнура Октябрьқызы ЖИЕНБАЕВА,
Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика-математикалық мектеп интернатының
дене шынықтыру пәні мұғалімі