Ақмолалық оқушылар қазақ тілі әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысты

9-11 сынып оқушылары арасында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға Ақмола облысының аудандарынан Көкшетау, Степногорск қалаларынан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 58 оқушы қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Атамбай Гүлнұр – Целиноград ауданы Төңкеріс ауылы орта мектебінің 9 сынып оқушысы; Қайролла Ануар – Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы; Уазирова Айғаным – Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Екінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Төлеу Бекболат – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы; Зұлқарнат Дәрия – Көкшетау қаласы, техникалық лицейінің 9 сынып оқушысы; Орқын Қырмызы – Зеренді ауданы, Елікті ауылының жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы; Айтмағанбет Баянды – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы; Сулейменова Гульшекер – Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатнатының 11 сынып оқушысы; Саяқұлова Ажар – Көкшетау қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.

Үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Жанарбек Ақерке – Бұланды ауданы, Макинск қаласының №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы; Жұмақанова Айдана – Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы; Башарова Дариға – Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы; Кабдуллова Томирис – Бұланды ауданы, Макинск қаласының Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Кожахметова Айгерим – Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы; Құрманай Жанель – Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы; Еркінқызы Алтынгүл – Бұланды ауданы, Макинск қаласының №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы; Шұғыла Дильназ – Біржан сал ауданы, Құдықағаш ауылы Р.Елемесов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы; Ербол Аяжан – Степногорск қаласы, Қырыққұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталғандар: Ризабек Айсана – Нұр-Сұлтан қаласы, №2 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы; Амангелдіқызы Айгерім – Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы Ерейментау қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы; Хазизхан Гүлназ – Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы жарты орта білім беретін мектебі 11 сынып оқушысы. Облыстық кезеңнің барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий