Ақмолалық оқушылар тағы да жеңімпаздар қатарында
«Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық қашықтық балалар фестивалі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық қоғамның дәстүрлі мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарына негізделген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру үшін жағдай жасау, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Жүрек жылуы» вокалистер байқауы, «Бейбітшілік тұтқасы – бірлік бесігі»,халық биі байқауы «Ризамын халқыма» театр байқауы. Байқауға ҚР-ның барлық өңірінен 187 бала қатысты. Ақмола облысының намысын қорғаған 11 баланың екеуі жүлделі орындарға ие болды.
Загрузка...Атап айтқанда: «Жүрек жылуы» вокал номинациясы бойынша ІІ орын – Баранова Вероника ( Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы, «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені» КММ; III орын – Матюшенко Анастасия (Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы, «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені» КММ). Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!