“Шексіз шығармашылық”: Екі жүзден астам ақмолалық оқушы республикалық байқауына қатысты
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтық байқауын ұйымдастырған болатын, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылықтағы әлеуетін анықтауға және ынталандыруға бағытталған байқауға Қазақстан Республикасының барлық өңірінен 2762 жұмыс қатысты. Жұмыстарды бағалау үшін қазылар алқасының құрамына Қазақ ұлттық өнер университетінің және колледждің оқытушылары, қосымша білім беру педагогтері кірді.
Қазылар алқасының мүшелері байқаудың 888 жеңімпазын анықтады. Ақмола облысынан шығармашылық байқауға 215 оқушы қатысты. Оның ішінде 58 бала жеңімпаздар қатарынан табылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауды өткізу осы санаттағы балалардың тек қалалардан ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерден де сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері құралдарымен шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді,

Республикалық маңызы бар іс-шараға қатысуға мүмкіндік береді. Байқау жұмыстары 3 номинация бойынша қабылданды: «Алтын қолдар» – сәндік-қолданбалы өнер байқауы; «Қазақстан – менің алтын бесігім» – суреттер байқауы; «Шексіз әлем балалар көзімен» өз шығармасының өлеңдер байқауы. Толық мәтінді сіз Ақмола облысы білім басқармасының сайтынан көре аласыздар.
Загрузка...