Ұстаз – ұлағатты есім

Ұстаз – жас  ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін  білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Осындай ұстаздардың бірі Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының т.ғ.к., профессор (МАИН) Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Рашит Темержанович Бржанов. Ол 2008 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, Ш. Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетіне «Құрылыс» кафедрасына  профессор лауазымына шақырылды.  Осы күнге дейін профессор, еңбек жолын жауапты және білікті маман ретінде көрсетіп келеді. 

Бржанов Р.Т. өте зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізіп, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына білікті ұстаз ретінде жетекшілік етіп келеді. Оның 80-нен аса ғылыми-әдістемелік және ғылыми жұмыстары әртүрлі баспалардан жарық көріп, оның ішінде ҚР БАК, ҚР БҒМ ККСОН ұсынған баспалары да орын алады. Маңғыстау облысында өткірлігі жоғары қысқы бетондау жұмыстары бойынша 3 инновациялық патентке ие.

Рашит Темержановичтің жетекшілік етуімен студенттердің ғылыми жұмыстары жасалынып, оның ішінде 4 жұмыс республикалық студенттердің ғылыми жұмыстары конкурсында жөғары нәтиже көрсетіп, 1 студенттік ғылыми жұмыс ҚР БҒМ  III дәрежелі дипломымен марапатталды. Ол жетекшілік еткен екі дипломдық жұмыс халықаралық көрме-конкурс қатысушысының сертификатын иеленіп, ал бір жұмыс І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2015 жылы Бржанов Р.Т. жетекшілік еткен студент А. Сулейманның дипломдық жұмысы Италия елінің Флоренция қаласында өткен халықаралық көрме-конкурсында 2 дәрежелі дипломды жеңіп алды. Студенттермен көптеген ғылыми жұмыстар жүргізіліп, Республикалық пәндік олимпиадаларға дайындап, жүлделі орындарды қанжығаларына байлауда. Маңғыстау облысындағы қысқы бетондау және теңіз бұрғылау қондырғыларын орнату мәселелері жөнінде республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысып, Маңғыстау облысында өткірлігі жоғары қысқы бетондау тақырыбы бойынша 1 монография жариялады.

Профессордың көмегімен студенттерге құрылыс конструкцияларының физика-механикалық қасиеттерін бұзбай бақылауды меңгертуге мүмкіндік беретін «Құрылыс құралымдары» зертханасы дайындалып және толықтай жабдықталынуға үлесін қосуда. Құрылыс зертханаларын аккредитациялау жөніндегі эксперт–аудитор ретінде ЖШС «Каспий Серт» сынақ лабораториясын аккредитациялау  жұмыстары  жүргізілді. Профессор Р.Т. Бржановтың «Құрылыс» мамандықтарын дайындауда «Құрылыс құралымдары-1» және «Құрылыс құралымдары- 2» пәндерінен қазақ тілінде кітабы баспаға шығарылды.

«Құрылыс құралымдары-3» пәнінен қазақ тілінде электронды оқулық дайындалды. Бржанов Р.Т. қосымша автор есебінде «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығына арналған «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Кеме жүргізушілер үшін электротехника» пәндерінен типтік бағдарламалар жасақталынды. Профессор Р.Т. Бржанов А. Байтұрсынов атындағы (ҚЖОА) «Құрылыс жоғары оқу ассоциация» қола медалі, Ш. Есенов атындағы КМТИУ төс белгі орденімен, 2002, 2016, 2018 жылдары ҚР БҒМ құрмет грамоталарымен марапатталды.

ҚР БҒМ “Үздік оқытушы -2014″ грантының иегері” атанды. Біржанов Р.Т. бар ұжымда еңбек сіңірген беделді, кафедраның жас оқытушыларына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді, әріптестерімен сенімді және сыпайы қарым-қатынас қолдайды. Белсенді қатысып, барлық іс-шараларға, университет, факультет және кафедра тапсырған жұмыстың кез келген саласы бойынша кәсіпқойлықты, жоғары құзырлылықты және ұйымдастырушылық қабілеттерін анық көрсетеді.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби  шеберлігі екенін түсініп, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте жүруі маңызды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий