Қостанай облысындағы мектеп мұғалімдерінің сексен пайызы сол мектептің түлектері

Қостанай облысында Тоғызақ орта мектебінің директоры ерте кәсіптік бағдар берудің арқасында кадр тапшылығы мәселесін шешті. Бүгін мектеп мұғалімдерінің 80%-ға жуығы өз түлектері. Қазіргі оқушыларға ұстаздық мамандыққа деген сүйіспеншілік 5-сыныптан бастап үйретіледі, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін мектеп директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Александровна Леванова «Дос» педагогикалық жасақты ашқан болатын. Тегін курстарда балалар 5-сыныптан бастап мұғалім мамандығымен танысады және педагогикалық мамандықты таңдауға саналы түрде дайындалады. Педагогикалық жасаққа қабылданған балалар мектеп бітіргенше сонда оқиды.
Мұнда оларға педагогикалық терминология, сабақ құрылымы, балалармен және аудиториямен жұмыс істеу дағдылары үйретіледі. Барлық білім мектептегі тәжірибе арқылы бекітіледі. Айта кетейік, жасақ мүшелерімен оқу жылының басынан бастап педагог-тьюторлар, психолог және әлеуметтік педагог жұмыс істеп келеді. Тьюторлар балаларға мектепте оқып жүргенде де, педагогикалық университеттер мен колледждерге түскеннен кейін де жетекшілік етеді.
Жасақ құрылған кезеңнен бері мектептің 63 түлегі педагогикалық білім алды. Олардың 24-і оқуын аяқтаған соң Тоғызақ мектебіне жұмысқа оралса, тағы 32 мұғалім басқа елді мекендерде еңбек етіп келеді. Биылғы оқу жылында 9-11 сынып түлектерінің 44%-ы педагогикалық мамандықтарға оқуға түсті. Татьяна Леванованың айтуынша, жалақының артуы, ұстаз мәртебесінің көтерілуі, жәрдемақының өсуі мамандықтың беделін көтергені сөзсіз.
Әсіресе, ауыл мектептерінде ұстаздар қатары артқаны байқалады. Сондай-ақ адамдардың педагогикалық мамандыққа деген көзқарасы өзгерді. Бұл жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін балалардың туған ауылына жұмыс істеуге оралуына ықпал етеді. Татьяна Леванова алдағы уақытта басқа да мамандықтар бойынша осындай жасақтар көбейетініне сенім білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий