“Өрлеумен” өрлеген – 10 жыл!

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру – білім саласындағы басты мәселе. Біліктілікті арттыру институтының 80 жылдан аса тарихы бар білім ордасында озық тәжірибелі педагогтер дәріс береді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен республикадағы барлық институттарды біріктіріп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы орталығын құрды.

Әрбір арайлап атқан таңмен таласа, қызу жұмысқа кірісіп, тынысымыз Өрлеумен өркендегенімізге міне 10 жыл да толыпты. Әріптестеріммен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда және оларды курстан кейін қолдау мақсатында өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында жүйелі түрде республикалық, халықаралық конференциялар өткізіп келеміз және оған қатысушылар саны жылдан-жылға көбеюде. Дәстүрлі іс-шараларымызға шетел ғалымдары да үн қосуда. Бұл тәжірибе алмасу бағытында таптырмас құралға айналған.

Институт сайты арқылы педагогтер пайдалы ақпараттармен танысады, өзіне қажеттісін түрлі нұсқада жүктейді, кез келген шараға қатысты өз пікірін білдіре алады. Әлеуметтік желі парақшаларында материалдар қысқаша беріліп, оған берілген кері байланыстарды оқи отырып шаттанамыз. Институтымызбен бірге іске қосылған «Сабақтың үздік контенті» және «Креативті мұғалім», «Менің ең үздік ашық сабағым» және тағы да басқа байқауларына қатысушы бастауыш сынып мұғалімдеріне кеңес беріп, жүлделі орындарға ие болғандары нәтижелі жұмысымның жемісі екені анық.

Көптеген педагогикалық міндетті жаңаша шешумен қатар, педагогтердің ІТ-құзыреттілігін арттырып, бейне өнімдерді жасауда да бастауыш сынып мұғалімдеріне контент, презентация жасату, дыбысты қосу арқылы сабақтарын ютуб каналына ұсынып, тәжірибелерімен бөлісе алатын қабілеттерін аша алдық. Сонымен қатар курстардың сапасын арттыруға, курсаралық шараларды мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағыттап шебер-сынып, тренингтер, семинар кеңестер, оқыту семинарын, вебинарлар сынды көптеген іс-шаралар өткізуге атсалысамыз.

Ұстаздар өздерінің алғыс айтып, «Теорияны оқуға өзімізге ұсынып оны түрлі сұрақтар арқылы сұрауды, ал әдістерді үйретуде өз тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер» деген ұсыныстарын көп білдіреді. Дүниежүзілік пандемия біліктілік арттыруға да әсерін тигізді. Әйтсе де, орталық тренерлері мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында қашықтық жағ­дайында курстар жүргізуді қолға алды. Қашықтық жағдайындағы курстарда тыңдаушылар әртүрлі платформаларда жұмыс жасауды, қашықтан тиімді кері байланыс орнату жолдары мен тәсілдерін, онлайн оқыту процесіндегі әртүрлі ресурстарды ұтымды пайдалануды үйреніп, цифрлы ортада кәсіби дағдысын қалыптастырды.

 2020 жылдың маусым, шілде, тамыз айларында аймақтағы филиал тренерлері тыным таппастан 1-11 сыныптар үшін барлық пәндерге арналған бейнесабақ әзірлеп, «Өрлеу» білім беру каналына жүктедік. Бұл процесс Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ және Білім басқармалары ұйымдастыруымен виртуалды білім беру бағытында еліміздің үздік педагогтерінің цифрлы сабақтарды әзірлеу эстафетасы аясында жалғасты. Заманауи білім беруге белсенді мұғалім қажет. Қазіргі жағдайға байланысты мұғалімнің цифрлы құзыреттілігін қалыптастыру да үлкен мәселе.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Цифрлы ұстаз» жобасы туралы айтқан болатын. Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ және Bilim land ұжымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Педагогтердің цифрлы құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру онлайн курстарын өткізді. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру – бүгінгі «Өрлеу» орталығының басты миссиясы мен үшін де маңызды. Сондықтан да әрбір қадамым Өрлеумен өркендеп келеді деп толықтай айта аламын!

Нағима  АЗБЕРДИЕВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы
және Шымкент қаласы бойынша
ПҚБАИ аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий