Әкім аналармен әңгімелесті

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың аналармен кездесуінде мектепке дейінгі сапалы және орта білім алу жайы да талқыланып, биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік мектептердегі барлық бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігі айтылды, – деп хабарлайды осы шаһардағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқушылар орындарының жетіспеушілігі және балабақшалардың кезектері жергілікті билік құрылымдарының басты назарында. Қазіргі кезде білім ордаларында 19 611 орын және балабақшаларда 41 080 орын жетіспейді. Бала туудың жоғары болуына және халықтың мегаполиске белсенді көшуіне байланысты жыл сайынғы өсім тиісінше 15 мың және 8 мың баланы құрайды.

– Қала бойынша мектептер мен балабақшаларды салуға бос жерлер мүлдем жетіспейді, ал құрылыс қарқыны тек жыл сайынғы өсімді жабуға мүмкіндік береді, – деді Ерболат Асқарбекұлы. – Биылғы жылы мектептерде 15 461 орынға және балабақшаларда 39 520 орынға дейін тапшылықты төмендету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Балабақшалар мен мектептерде балаларды оңалту, емдеу, инклюзивті қолдау – бұл әкімдіктің әлеуметтік блок басқармалары жұмысының негізгі міндеттері. Балаларды инклюзивті дамытудың ағымдағы бағдарламасы қайта қаралатын болады, сондықтан мен осы жұмысқа қаланың мүдделі қоғамдық қорлары мен үкіметтік есем ұйымдарды белсенді қатысуға шақырамын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий