Саланың маңызды мәселелері

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Серік Айдарбеков жергілікті педагогтермен ашық диалогтағы кездесу ұйымдастырды. Бұл басқосудың басты мақсаты – өңірдегі білім саласының қазіргі ахуалын зерделеп, маңызды мәселелерді талқылауға бағытталған болатын, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірдегі салалық құрылым жетекшісінің міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, облыс бойынша төрт жүзге жуық білім беру мекемесі бар болса, оның 319-ы балабақшалар. Осы орталықтарда 40 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Қазіргі кезде он жеті мың жуық бүлдіршін кезекте тұр. Осы кезекті азайту мақсатында мемлекеттік тапсырыс аясында 4 мың ұл-мен қыз жекеменшік ұйымға орналасқан. Алайда, кезегін күткен бала саны азаяр емес.

– Жалпы алғанда екі жүз орта білім беру ұйымында 147 871 оқушыға 12 мыңға жуық педагог білім беруде. Төрт апатты, 11 үш ауысымды мектеп бар. Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 48 мектеп салу жоспарланса, биылғы оқу жылында он білім шаңырағының пайдалануға берілетіндігі жоспарланған, – деді Айнагүл Байғанинқызы.

Жүздесуде сөз алғандар мектепте орыс тілі мамандарының жетіспеушілігі мен студенттердің ірі мұнай компанияларында тәжірибеден өтуі және жұмыспен қамтылуы мәселесін ортаға салып, аграрлық салада білім алатын студенттерге жағдай жасалуы қажеттілігіне тоқталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий