Тараптар тығыз байланыста

Жергілікті колледждер мен кәсіпорындар тығыз байланыс орната бастады. Енді студенттер серіктес кәсіпорында тәжірибеден өтіп, одан әрі сол жерде жұмысқа орналаса алады, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Жұмыссыздықты азайту үшін биылғы жылдан бастап пилоттық режимде серіктес кәсіпорны бар колледждерге мемлекеттік тапсырыстан орналастыру қарастырылып отыр.

Ол үшін компания нақты мамандарға сұраныс беріп, колледжбен алдын ала келісім-шартқа отыруы керек. Колледж мен кәсіпорын арасындағы осындай тандемнің арқасында білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарына сай жаңартылады, мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігі кәсіпорынға студенттік тәлімгерлер үшін және дуальды оқыту үшін төленеді. Олар серіктес кәсіпорындарда тағылымдамадан өтеді, кәсіпорын түлектердің бітіру емтиханына қатысып бағалайды.

– Ең бастысы студенттер оқудың барлық процесінде кәсіпорында практикалық тәжірибеден өтіп, оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алады. Бұл тапсырыс берушінің де (кәсіпорынның), орындаушының да (колледждің) ортақ жауапкершілігін арттырады, – дейді өңірдегі салалық құрылымның техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жания Сармурзина.

– Бірнеше ірі кәсіпорын облыстағы барлық мемлекеттік колледждерді салаларына қарай шефтік қамқорлыққа алу жөнінде меморандумға қол қойды. Колледж түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында оқу орындары жұмыс берушілермен бірлесіп еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделген оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін әзірлеу бойынша жұмыстарын жүргізіп, бекітеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий