Өнерлі өрендердің өрісі

Ордабасы аудандық өнер мектебінде аймақтағы қосымша білім беруді дамыту орталығының үйлестіруімен “Музыка мектептері мен өнер мектептеріндегі білім алушы жас музыканттардың облыстық фестиваль байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Аудандар мен қалалардан қатысқан 18 мектептен, жүз жиырма жеке орындаушы мен 200 баланы қамтыған жеті балалар халық аспаптар оркестрі мен ұжымдық ансамбльдер додасында жергілікті өнерпаздардың шоқтығы биік болды. Ұжымдық жарыста өнер мектебінің балалар халық аспаптар оркестрі (жетекшісі Б. Қаленов) ІІ орынға көтеріліп, “Жігер ” домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қ. Шмирова) бірінші орынды иеленді.

Бас жүлде алған “Жігер “домбырашылар ансамблі мен жеке орындаушы Октамов Дастанға елордасында ұйымдастырылатын республикалық байқаудың жолдамасы табысталды. Үміткерлерді дайындаған ұстаздар Шмирова Қаламқас, Нурсеитова Сәуле, Жанысбаева Айнұр, Байдулла Бағдат, Бейсенова Роза, Елбасы Құралай, Қаленов Балабек, концертмейстер Сметова Алма ұйымдастыру алқасының алғыс хатымен марапатталды. Бұл байқау ақылы емес. Ерекшелігі сол, дәстүрлі түрде 55 жылдан бері өтіп келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий