Мәнерлеп оқудың байқауы

Тараз қаласындағы “Анаға тағзым” орталығында республикалық деңгейде «Анаға сәлем» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Бір ай бұрын жарияланған іс-шараның қорытындысы халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қорытындыланған болатын, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев осы орталлыққа арнайы барып, мерекелік кештің куәсі болды. Жергілікті аналар мен қыз-келіншектерді шуақты көктем мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Үздіктер қатарындағы “Білім” кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің бірінші курс білімгері Тілепалды Дильназдың жұлдызы жарқырағанын білдік. Мәнерлеп оқу байқауының үздік 10 жеңімпазы қала әкімімен бірге орталық ауласына өз аналарының құрметіне ағаш көшеттерін отырғызуы бұл іс-шараның өзгелерге үлгі әрі қызықты болғандығын байқатса керек.

Бұл мектептен тыс шығармашылық орталық былтыр ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аймақ жетекшісі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бой көтерген болатын. Қазіргі кезде мұнда «Сырғалым» сырласу клубы, «Ерке сылқым» хореографиялық залы, «Қызғалдақ» ұлттық экотәрбие клубы, «Сырлы әлем» бейнелеу өнері және «Ана тілі» шешендік өнер мектептері, «Қазына» ұлттық аспаптар сыныбы, «Ынтымақ» коворкинг залы, «Береке» аспаздық және «Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиялары жұмыс жасайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий