Кішкентайынан кітапқа құмар
Өскемен қаласындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 мектептің 3А сынып оқушысы Алима Шарыпқан бір кітапты үш-төрт күнде толық оқып шығады. Қажет десеңіз шығармадағы хикаяның желісін жатқа айтып беретін зеретігі тағы бар, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Кітап оқуды апам үйретті. Жатарда ылғи «Жеті лақ» ертегісін оқып беретін. Апам әрқашан маған «Көп кітап оқысаң, әке-шешең секілді мектепті кілең бестікке бітіресің. Сосын университеттен қызыл диплом алып шығасың» дейтін. Ең бірінші «Түймедақ» ертегісін оқыдым. Өзіме қатты ұнады, – дейді ол. Кітапқұмар кішкентайдың әкесі көлік жөндеумен айналысады, ал анасы инженер. Үйде ата-әжесінің тәрбиесінде жүрген ол қазақ тілінде емес, орысша да, ағылшынша да кітап оқуды күн сайынғы әдетіне айналдырған.
Загрузка...– Үлгілі оқушымыздың бір жылда жүз кітапты оқығанын білдік. Себебі ол әділқазылар алқасының әр туынды жайлы сұрақтарына еш кідірместен жауап беруі арқылы байқаудың жеңімпаз атанған еді. Ата-аналарының айтуынша ұсауын кескенде алдындағы көп заттың ішінен кітапты таңдап алыпты, – дейді ұстаздар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әділ Сайлаубек.