Ақтөбелік көп балалы ұстаз аналар марапатталды

Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйытқы болуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған шара өтті. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова өңір басшысының жылы лебізі мен құттықтауын жеткізіп, ақтөбелік көп балалы 18 ұстаз аналарға арнайы алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
– Облыстың білім саласында жұмыс жасайтын 25 мыңнан астам ұстаздардың 90%-ға жуығы әйелдер екенін атап өту керек. Сондықтан бұл меркенің білім саласы үшін маңызы ерекше. Барлықтарыңызды облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы атынан келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әрбіріңіздің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін!,– деді облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова.
Сонымен қатар, барлық нәзік жанды жандарды мерекемен құттықтаған басқарма басшысы Жолдас Батырхан облыстың 19 мұғалімін басқарманың “Құрмет грамотасы” және арнайы гүл шоқтарымен марапаттады. Көктемнің керемет мерекесінде ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлап, өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, көңілдерін көтерсе, жиналған әйелдер қауымана үлестірілген әдемі гүлдер мерекенің шырайын кіргізді. Барлық нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтаймыз! 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий