Ана қуанышы, әйел қуанышы

Біздің аудандағы білім қызметкерлерінің шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиыны ұйымдастырылды. Бұл басқосуға сала  ардагерлері Мукашева Бахыт Төлеутаевнаны, Шестюк Галина Анатольевнаны, Балабиева Зауреш Сальменовнаны, Скакова Рысты Торебековнаны,  Сарсенбаева Раися Кабеновнаны  марапаттау және сыйлықтар табыстау үшін Нұра ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Максутов Зарлық Максутович арнайы шақырылды.

Білім саласындағы ерен еңбегі мен жоғары кәсібилік пен өз ісіне деген шығармашылық табыстарға жеткен мұгалімдер: Сәкен Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі –  Балкенова Орал Балтиновна,  Буланбаева Багдат Хасенбайқызы  Жараспай жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Вишневецкая Наталья Николаевна  – Абдолла Асылбеков атындағы мектебінің медициналық қызметкері, Альшимбаева Рымтай Макажановна  – Байтуған жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі.

Бюрабекова Гульмира Зейнуллаевна Карой жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі, Сулейменова Айнұр Жомартовна – Мағжан Жұмабаев мектебінің педагог психологы, Тажимова Шакен Макажановна  – Қарақойын ЖББ  мектебінің   бастауыш сынып  мұғалімі, Хумарбек Кенжегул   – Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі.  Искакова Салтанат Досболовна  –  Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Протасенко Наталья Николаевна – Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі,   Дмитрук Ольга Михайловна – Алтын дән балабақшасының есепшісі, Нуркенова Карлыга Акимовна – Нұра кентінің өнер мектебінің есепшісі, Омарова Зауреш Куанышевна – білім бөлімінің техникалық қызметкері, Нұра ауданы білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Білім беру ұйымдарында көп жылғы енбегі,  аз уақыттың ішінде  лайықты нәтижелер көрсеткен үшін білім қызметкерлерінің кәсіподақ Грамоталары және Алғыс хаттарымен келесі қызметкерлер: Нидерквель Марина Серикбаевна –К.Шайменов атындағы мектеп директоры, Хурманғажы Нургул – Міржақып Дулатұлы атындағы орта  мектебінің география пәнінің мұғалімі, Шкенова Асемгуль Сейлхановна  – Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Акимова Галина Ивановна – Кошкарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мұғалімі, Сыздыкова Жанат Бейсенбековна  – Пушкин орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Бахиева Сауле Калаубаевна – «Балбөбек» бөбек жайының тәрбиешісі, Каржасова Гулмира Балгабаевна – Мұташ Сулейменов  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Сурина Марина Викторовна – Кәрім Мынбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі, Жукенова Қуралай Маукеновна  Қарой  ЖББ мектебінің кітапханашысы.  Канафина Майра Ахмеджанова  – Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің техникалық қызметкері,  Базылова Гульзат Кенесовна   Нұра  орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Саттарова Бахыт Бекболатовна –  Аймауытов атындағы мектебінің шағын орталық тәрбиешісі,  Полеводина Марина Евгеньевна    Алихан  Бокейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі,  Касап Ольга Ивановна  –  Рахим Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі,  Смагулова Сауле Камбархановна  – Байтурсынов атындағы  мектебінің физика пәнінің  мұғалімі, Жумабекова Унзила Ермухановна – білім бөлімінің техникалық қызметкері  марапатталды.

Құрметті білім саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді ұмытпаңыздар! Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, отанымыздың мерейі.

Адамбай МУСТАФИН,
Нұра ауданындағы білім қызметкерлерінің
кәсіподақ төрағасы, Қарағанды облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий