Демонстрациялық емтихан – тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық түрі

Кәсіптік білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелерінің бірі кадрларды даярлау сапасын арттыру болып табылады. Осыған байланысты тәуелсіз бағалау сипатын іске асыратын білім беру және кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келетін білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа құзыреттілікке бағытталған форматтарын енгізу ерекше өзектілікке ие. Барлық осы талаптарға жауап беретін білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа форматы WorldSkills халықаралық жарыстары шеңберіндегі жалпы және кәсіби құзыреттерді бағалау стандарттарына негізделген демонстрациялық емтихан болып табылады.

Демонстрациялық емтихан қолданыстағы дәстүрлі форматқа қайшы келмейтін мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа стандартталған форматы ретінде әрекет етеді. Бағалау бірыңғай бағалау материалдарын пайдалана отырып, бірыңғай қағидаларға сәйкес жүргізіледі; емтихан барысында алынған жекелеген құзыреттердің қалыптасу бағалары бірыңғай форматтағы құжатта – дағдылар паспортында белгіленген кәсіби қызметті меңгеруді бағалауда жинақталады; барлық мүдделі тараптар үшін демонстрациялық емтихан форматында сертификаттау құралдары мен нәтижелерінің ашықтығы қағидаты іске асырылады.

Демонстрациялық емтиханды өткізудің артықшылығы: демонстрациялық емтиханды сәтті өткізу білім беру мекемесінің беделін арттыруға ықпал етеді. Ұлттық чемпионат критерийлері бойынша өткізілетін орта кәсіптік білім беру жүйесінің түлектерін мемлекеттік қорытынды аттестаттау шеңберіндегі демонстрациялық емтихан жаңа құбылыс болып табылады. Сондықтан, демонстрациялық емтиханды мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың міндетті элементі ретінде өткізу және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру колледждің негізгі жұмыс бағыты болып табылады.

Нәтижесінде, мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізудің жаңа форматы студенттердің алған дағдыларын, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, кәсіби құзыреттерін іске асыруға мүмкіндік береді және болашақ түлектердің кәсіби мансабын құруға әсер етеді. Осы бағытта Ақтөбе облыстық ТжКББ бойынша демонстрациялық емтиханды 2020 жылы – 2 колледж (Ақтөбе сервис колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі), 2021 жыл – 2 колледж (Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі) өткізсе, 2022 жыл 4 колледж (Ақтөбе автожол колледжі, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі, Жайсаң көпсалалы колледжі, Алға индустриялық-техникалық колледжі) өткізуді жоспарлауда.

Бүгінгі күнге дейін облыстың ТжКББ ұйымдарына демоемтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік сүйемелдеу бағытында түрлі семинарлар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер, шебер-кластар өткізілді. Соның бірі 2022 жылғы 18 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Демонстрациялық емтихан-тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық түрі» тақырыбында өткізілген республикалық семинарды айтуға болады. 

Семинар барысында «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы WorldSkills дамыту басқармасының бас менеджері А.Еставлетова «Методические рекомендации по проведению демоэкзамена» тақырыбында демонстрациялық емтиханды өткізудің әдістемелік жұмысын түсіндіріп, баяндама жасады. Сондай-ақ, «APEC PetroTechnic» Атырау жоғары кол­лед­жі химия өндірісінің арнайы пән оқытушысы А.Калдыбаева «Опыт проведения демонстрационного экзамена по международным стандартам WorldSkills по специальности “Химическая технология и производство”», Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің өндірістік оқыту шеберлері А.Алимходжаева, А.Керімбеков «Демоемтихан-қызмет көрсетуді ұйымдастыру», Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.Арзақынов «Колледжде  Worldskills стандарттарына сәйкес «Пісіру ісі» мамандығы бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру», Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөнінде орынбасары К.Бердигалиев және арнайы пән оқытушысы Р.Даримова «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру» тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Шараға Алматы, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтарының басшылары, әдістемелік кабинет басшылары мен ТжКББ ұйымдарының оқу және өндірістік, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлері қатысты.

Жоспарға сәйкес өткізілген республикалық семинар демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік сүйемелдеу және өзара тәжірибе алмасу бағытында өтті. Ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылды. ТжКББ ұйымдарында демонстрациялық емтиханды өткізудің артықшылығы білім алушылардың кәсіби құзыреттерін іске асыруға мүмкіндік береді және болашақ түлектердің кәсіби мансабын құруға әсер етеді.

Гулназ АмирбековнА КУЛСЕЙТОВА,
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік
орталығындағы 
техникалық және кәсіптік
білім беру бөлімінің меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий