Қарағанды облысындағы байқау жастардың шағын бизнестегі идеяларына арналды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті Жолдауында атап өткендей, ел болашағы жастарға жан-жақты білім беріп, келешекте дарынды, өз ісінің шебері бола алатындай тұлға етіп қалыптастыру үшін өндірісте теория мен тәжірибені бір-бірімен ұштастырып, нәтижеге қол жеткізетіндей тың идеяларды қарастыру  керек екеніне тоқталған болатын.

Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп университеттің «Жастар сарайы» ғимаратында «Жастар шағын бизнесте» тақырыбында II облыстық бизнес-идеялар байқауын ұйымдастырды. Салтанатты рәсімге колледж директоры Смагулова Нұрбиби Абсадыковна осындай байқауларда ұсынылған бизнес жобалар болашақта жастардың кәсіпкерлік жұмыстарды бастағанда қажетті жобалар болатынына тоқталды.

Сондай-ақ, байқаудың екінші мәрте рет облыстық деңгейде колледж студенттері арасында өткізіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кирпан Ольга Николаевна облыстың әр аумағынан келген колледж студенттеріне жұмыстарының нәтижесін көрсетулеріне және әзірлеген бизнес жобаларын сәтті қорғап шығуларына тілектестігін білдірді.

Байқауға ​​облыс бойынша отыз колледж қатысып, 60 жоба қаралды. Байқау екі кезеңде өтіп, қазылар алқасының шешімі бойынша 15 үздік  жоба екінші кезеңге өтті. Студенттердің бизнес-жобалары мобильді қосымша жасаудан, эпоксидті шайырды қолданудан, электр скутерлерін ортақ пайдаланудан қайта өңделген материалдардан диодты жарықтандыру өнімдерін шығару туралы әртүрлі тақырыптағы дайындаған жұмыстары ұсынылды.

Басты мақсат – болашақ жастардың кәсіпкерлік қабілеттерін, кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту, жастардың кәсіпкерлік жолындағы әлеуетін іске асыру, сонымен қатар, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету болатын. Байқау барысында әр қатысушы өздерінің идеяларынан туындаған жобаларын слайд және арнайы құрастырған конструкциялар арқылы комиссия мүшелері мен көрермендерге таныстырып, қызығушылықтарын оята білді.

Қорытындылай келе, қатысқан студенттердің жобаларын сараптаудың нәтижесінде келесі студенттер жүлделі орындарды иеленді. Жүлделі бірінші орын ҚМҚК Қарағанды ​​жоғары политехникалық колледжінің студенті Бахтемиров Жандос Нұржанұлына, «Гидропоникалық технологияларды қолдану арқылы өндіріс және өсірілген микрожасылдардың маркетингі» жобасы үшін берілді.

Екі екінші орын – Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Ибраев Нұртай Манарбекұлы, Кондрацкий Сергей Игоревич, «DIA-KIDS» мобильді қосымшасы жобасымен; ҚМҚК Шахтинск технологиялық колледжінің студенті Рудыкин Александр Вячеславович, Еремин Данила Александрович, қайта өңделген материалдардан жарықдиодты жарықтандыру өнімдерін шығару жобасына бұйырды.

Үш үшінші орынмен КММ Қарағанды ​​көлік-технологиялық колледжінің студенті Орал Айдан Оралқызы, Мультпросвет жобасы ү.шін; ҚМҚК Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студденті Маканалина Дильназ Аманғалиқызы, «Tufting technicas boyinsha kіlemder» жобасы үшін; КММ Қарағанды ​​технология және сервис колледжінің студенті Жорабеков Бекасыл Бауыржанұлы, Исхаков Рустам Райлевич, «РROFESSION STUDIO» үлкен қаланың адами ресурстар қызметі жобасы үшін марапатталды.

Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен, студенттердің жоба жетекшілеріне облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттары және қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.  

Нургуль КОНУРОВА,
ҚарТУ, ИТК оқытушысы, п.ғ.м.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий