Заманауи мұғалім – өз ісінің шебері

Біздің білім ордасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу мен оқытуды ұйымдастыру» атты мұғалімдерге арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Басты мақсат – жаңартылған білім беру мазмұнында  туындап жатқан қиындықтар мен шығу жолдарын көрсету,сондай-ақ білім мазмұнының ерекшелігін талқылай отырып, жаңа заман педагогының болмысы қандай болу керектігін айқындау еді.

Шеберлік сағатын үйлестіруші жоғары санатты, педагог-зерттеуші,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері С. Бакбаева мен Б. Кенжебекова жағдаяттық сұрақтар арқылы әріптестеріне ой тастап, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктердің кезеңдерін  түсіндірді. Коучинг барысында оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді тиімді пайдалана отырып, мұғалімдер әрекетін тамаша ұйымдастыра білді.

Ең бастысы, эссе жазудың тиімді жолдарын түсіндірумен ғана шектелмей, топтық жұмыстарға ұластырып әр мұғалімнің көзқарасын, ой толғанысын шебер жеткізе білуіне ықпал жасады. Рефлексия кезеңінде «Ақылдың алты  қалпағы» әдісі арқылы түйіндеп, қорытынды жасалды. Коучинг соңында кофе-брейк ұйымдастырылып қатысушы ұстаздарымыз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар жаратылыстану пән бірлестігінің апталығында биология пәні мұғалімдері Г.Бастемиева мен А. Хиватдолда жас ұстаздарға «Табысты оқушы – мұғалім шеберлігі» тақырыбында коучинг өткізді.

Негізгі міндет – табысты ұстаздың оқушыны бәсекеге қабілетті тұлға ретіндегі тәрбиелеудегі қасиеттерін талқылау еді. Табысты мұғалім мен табысты оқушы моделін құрастыру. Семинарға белсене қатысқан мұғалімдерге «Зерттеуші», «Шебер», «Еңбекқор» аталымдары бойынша марапаттар табысталды.

Гаухар ГАББАСОВА,
№18 мектеп директорының
оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары,
Екібастұз қаласы, Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий