Ақмолалық оқушы халықаралық математикалық олимпиада жеңімпаздары қатарында

Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан XXI Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты математикалық дарындылықты оқушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру, -деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ережеге сәйкес Жібек жолы бойында орналасқан барлық Еуразиялық елдер, жыл сайынғы математикалық олимпиадаға қатысуға құқылы . Сондай-ақ, қатысу ережелерінің бірі-қатысушылар ресми түрде жоғары оқу орындарына қабылданбауы керек және қатысу жылының 1 наурызына қарай 20 жастан кіші болуы керек. Биыл аталған білім сайысына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 10 елдің оқушылары қатысты.

Өткен жылдан бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде Түркия елінен осы міндеттерді қабылдай отырып, математикадан XXI халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының үйлестіруші елі болып табылады. Осы олимпиадаға Қазақстан бойынша 136 оқушы қатысты. Олар республикалық олимпиаданың облыстық және қорытынды кезеңдерінің, сондай-ақ «Математика» пәні бойынша 2020-2021 оқу жылының 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Алматы қаласында өткізілген халықаралық математикалық олимпиадада Ақмола облысының намысын 4 оқушы қорғап, Бахытбек Ахмедияр ІІІ орын жүлдегері атанды. Жеңісіңізбен құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий