Педагогикалық мамандықтарға сұраныс артты

Биыл жастар арасында педагогикалық бағыттағы мамандықтарға сұраныс артып отыр. Қазақстандық мектеп және колледждердің 7685 түлегі республикалық SPT-2022 олимпиадасына қатысып жатыр. Интеллектуалдық сайыста үздік деп танылған 264 қатысушы Сүлейман Демирель университетінде 4 жылға жарамды 100% грант пен 50%, 30% арнайы жеңілдіктерге ие болады. Жыл сайынғы олимпиада биыл 6-13 наурыз аралығында өтеді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл олимпиадаға қатысушылардың арасында екі шет тілі, IT және Бизнес мектебінің мамандықтарына қызыққандар көп. Алайда, 8 жылда алғаш рет түлектер арасында педагогикалық мамандықтарға сұраныс артты. Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша I кезеңнен 25 ұпайдан жоғары жинаған 3284 қатысушы өтті. Олар 50 логикалық сұраққа онлайн түрде жауап берді.

Білім додасының ІІ кезеңі офлайн форматта 13 наурыз күні сағат 11:00-де еліміздің 17 қаласында бір уақытта өтеді. Қатысушылар  тестілеуді Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Семей, Өскемен, Талдықорған, Түркістан қалаларында тегін тапсырады.

ІІ турда бейіндік пәндер бойынша 100 тест тапсырмасын орындауға 150 минут, яғни 2,5 сағат уақыт беріледі. Олимпиадаға қатысу арқылы грант ұтып алған түлектер ҰБТ-да шекті балды міндетті түрде жинауы тиіс. SPT олимпиадасы арқылы СДУ-ға Халықаралық құқық мамандығына грантқа түскен Дидар Беренбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

«2018 жылы олимпиадаға қатысып білімімді сынап көрдім. Нәтижесінде 100% грант иегері атандым. Олимпиаданың арқасында еліміздің үздік университеттерінің бірінде грант аз бөлінетін «Халықаралық қатынастар» мамандығын тегін оқып жатырмын. Қатысушыларға айтарым, SPT – білім деңгейіңді анықтауға және ҰБТ алдында сенімділікті арттыруға таптырмас мүмкіндік. Өзіңе және ақылың мен біліміңе сен. Сәттілік тілеймін», –  деді 4 курс студенті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий