Бауырсақ фестивалі

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Бауырсақ Fest» фестивалі өтті. Бұл күні мектеп интернатының ауласы ерекше атмосфераға толы болғандай. Оқушылар самауырын қайнатты, ақ дастархан жайылды, ауада бауырсақтардың дәмді хош иісі сезілді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Домбырашылар классикалық және заманауи ән-күйлерді орындады. Оқушылардың бір тобы бауырсақ әзірлесе, екінші тобы қонақтармен бірге түрлі жарыстарға қатысып жатты. Жатақхана меңгерушісі Шынар Базилбекованың айтуынша, осындай іс-шаралар оқушыларды этикалық мәдениет пен халықтық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бұл шара тек тәрбиелік маңызы бар жұмыс ғана емес, сондай-ақ балаларды және олардың ата-аналарын бірлесіп демалудың көрінісі болып саналады.
