Табыстың негізі жоспарлау мен кері байланыс

Табысты болу үшін не керек? Ғылыми жобалар мен олимпиадалырдың жеңімпаздарын қалай дайындау керек? Оқушыларды қалай мотивациялау керек? Кәсіби қажудың алдын қалай алуға болады дегендей тағы да басқа біраз көкейкесті сұрақтарды Семей қаласының 3 мектеп ұстаздары НЗМ физика пәні мұғалімі Әлемдік Глобалды премия 2021 Амбассадоры Асхат Жумабековпен кездесу барысында қойды.

Кездесу мектепішілік әдістемелік “Даму қадамы”  жоба аясында ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі жеке тұлғалық құзыреттілікті дамыту. Ол – мотивация, үнемі дамуға құштарлық,сын тұрғысынан ойлау, коммуникация, креативтілік. Сұхбат барысында әркімнің жеке дамуына,  ұстанымдарына өмірде кездесетін адамдар ықпал етеді деген пікір қалыптасты.

Асхат Жумабеков әлем ұстаздарының Global Teacher Prize премиясына 50 үздік үміткер қатарына кірді. Асхаттан  өз ісінде үздік болу үшін үнемі іздену,оқушы және өзін табысқа жеткізу жоспары бойынша үздіксіз жүйелі жұмыс жасау, әрдайым күнделікті іс әрекеттеріне кері байланыс жасаудың маңызды екендігін естідік.

Өзінің алғашқы ұстазына деген құрметін және ол кісіден ұстаздық мамандыққа деген сүйіспеншілік қалыптасқанын айтты. Әсіресе жас мамандарға терең ой салды. Мұғалім – әр оқушының жолын ашатын, оларды тұлға ретінде қалыптастыратын адам. Сұхбат қатысушыларға жақсы эмоция  сыйлады, позитивті нотада өтті. Асхат жастардың сұрақтарына ашық және толық жауап беріп, өзінің ойынан  шыққан сұрақ иегеріне жан азығы-кітапты сыйға тартты.

Кездесуді қорытындылай келе, әркім күнделікті жұмысына рефлексия жасау, маңызды басымдықтарды дұрыс таңдау, жоспарлау әрекеттері – жетістіктерге қол жеткізудің  маңызды жолы екенін түйді. Кездесу осымен шектелмей, болашақта практикалық семинарлармен, тағылымдамамен жалғасын табады деген сенімдеміз.

№3 жалпы орта білім беретін
мектеп – кешенінің әкімшілігі,
Шығыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий