Пән мұғалімдері бас қосты

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі базасында аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеттің бастамасы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбындағы съезд ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басты мақсат пәнді оқытудағы жаңа көзқарас пен түйіткілді мәселелерді айқындау болатын. Белгіленген бағдарламаға сай пленарлық отырыс пен секциялық жұмыстар жүргізіліп, төрт түрлі фасилитациялық алаң жұмыс жасады. – Мен алғашқы ұстаздық жолымды осы колледжден бастап болашақ педагогтерге қазақ тілін үйреткен болатынмын. Сол кездегі ұжым жетекшісі Досмағұл Еслямұлы Сүймековтың өмірлік сабақтары есіме түсті.

Дара тұлғаның парасаттылығы мен даналығы шәкірттерінің есінде мәңгі қалғандығына сенімдімін. Бұл алғашқы жүздесуге жүзден астам адам, яғни пән мұғалімдеріне қоса менің студенттерім де қатысты. Олардың арасында қазіргі таңда осы арнаулы оқу орнын басқаратын Жомарт Қонысбайұлы Құсайын да бар, – дейді облыстың бас ұстазы Зауре Байменова. – Бір кездері қарапайым студент болып партада отырғандар бүгінгі күні кәсіби шеберліктің шыңына жеткен жоғары білікті ұстаздар ретінде жаңа буын оқушылардың бойындағы ана тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылықы оятуда.

Шараның қорытынды кезеңінде балабақшадан бастап қазақ тілін оқытудың сапасын көтеру және мектептегі тілдік лагерлердің жұмысы, жергілікті ұстаздардың баламалы оқулықтарды жасауға қатысуы жөніндегі ұсыныстары мақұлданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий