Функционалдық сауаттылықтың маңызы
Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан Алға ауданындағы жұмыс сапары барысында В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебіне барып, ұстаздар ұжымының тыныс-тіршілігімен танысқан соң материалдық-техникалық мүмкіндіктерді бағамдады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Әсіресе оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жасалып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударып, аталған бағыттағы жұмыстар педагогтардың күнделікті қызметі екенін ескертті. Ән мұғалімдерімен кездесуінде білім беру саласындағы маңызды мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітіп, оқушылармен сабақ үлгерімдері жөнінде тілдесті.
Загрузка...Жолдас Нұрланұлы аудандық білім бөлімінің басшылығына Утепбергенова Жанарды тағайындағаннан кейін жергілікті әдістемелік кабинеттің қызметкерлерімен жүздесіп, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша пікір алмасты. Жанар Жумашевна 1974 жылғы қараша айының 17-і күні дүниеге келген. Жалпы жиырма бір жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, жоғары біліктілік санатты мұғалім. Ол жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі ретінде әріптестерінің арасында құрмет пен абыройға бөлене білген болатын.