Басты мақсат – біліктілікті жетілдіріп, тәжірибе алмасу

ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Алматы қаласында еліміздің аймағындағы мектеп жетекшілері үшін кезекті мәрте арнайы курс ұйымдастырған болатын.

Мұхамбетжанова Сауле Талапеденовна, “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы ББЖҚБАРИ инновациялық білім беру жөніндегі директордың орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, доцент: – Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты тарапынан биылғы жылы бес тақырып бойынша бағдарламалық курс басталған.

Басты мақсат – білім беруді цифрлық транцформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент; жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент; білім беру жағдайын жаңарту жағдайында тәрбие үдерісін басқарудың заманауи амалдары; білім беру ұйымының заманауи көшбасшысының  «Soft skills» құзіретін қалыптастыру; білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыптары бойынша мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының осы бағыттар бойынша біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуды көздейді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша екі мыңнан астам мектеп жан басына қаржыландыру жүйесіне көшкен. Сондықтан білім беру ұйымдарына басшылық жасайтын тұлғалардың қазіргі уақыт ағымына ілесіп, қаржылық сауаттылығын арттырумен қоса дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий