Шығыс Қазақстан: Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылады

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылады. Жоба бойынша музей экспозициялары – QR-кодтар мен аудиогидтер арқылы заманауи үрдісте ресімделіп, қазақтың ұлы қолбасшысының шайқастарын ұсынатын болады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының жетекші ЖОО-да құрылыс қарқыны үдемек, атап айтқанда, жаңадан Қабанбай батыр атындағы музей жасақталып, спорт залды жаңғырту, ату тирінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оқу ордасы, сондай-ақ церебралды сал ауруымен науқастанған балаларға арналған отандық орындықтар, дамытатын ойыншықтар өндіруді қолға алып отыр.

Мұражайдың өзі Amanzholov University үшін тарихи маңызды орында – екінші корпуста орналасатын болады. Дәл осы жерден алма матердің тарихы бастау алған-ды. Қазіргі уақытта онда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін болашақ әскерилер даярланады. Әскери кафедра 2019 жылы университет ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен ашылған. ЖОО ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, мұражай болашақ офицерлерге қажетті білім мен дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болуына жағдай жасауға бағытталған. Басты мақсат – жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу.

– Бүгін біздің университет базасында Қабанбай батыр атындағы мұражайды ашу жоспары талқыланды. Жаңа нысанды ашуға көмектесу үшін музейтанушылар, сәулетшілер, тарихшылар мен әскерилер келді. Эскиздердің әртүрлі нұсқаларын талқыладық. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар қолданылатын болады. Бұл біздің ата-бабаларымызға деген құрмет, сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру. Сондықтан бұл музей тек біздің студенттерге, магистранттар мен докторанттарға ғана емес, қала тұрғындарына да қызмет ететін болады, – деді Мұхтар Төлеген.

Экспозициялар әсерін күшейту үшін жаңа заманауи технологиялар қолданылады. Ректордың айтуынша, стандартты витриналық жабдықтармен қатар, QR-кодтар мен аудиогидтерді іске қосу межесі тұр. Университеттің спорт залында күрделі жөндеу жүргізілмек. Қазіргі уақытта ату тиріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бұл жерде болашақ әскерилер жаттығып, спортшылар қысқы көпсайысқа дайындала алады.

Сондай-ақ, лазерлік тирді екінші корпусқа ауыстыру, ал ату тирі астында шағын косметикалық жөндеу жүргізу жоспарлануда. Студенттік үйлерде тұратын резидент емес студенттер үшін жақсы жаңалық. Енді бос уақыттарында олар бильярд ойнап, уақыттарын пайдалы өткізулеріне мүмкіндік алады. Ректор, сондай-ақ жаңа идеялар мен мүмкіндіктер ордасы – ғылыми зертханаларда болды. Бүгінде мұнда ғалымдар әртүрлі бағыттарда жұмыс істеуде.

Мәселен, церебральды сал ауруы бар балаларға арналған орындықтарді әзірлеу жобасының алғашқы нәтижелері көрсетілді. Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда церебралды сал ауруы бар балаларға арналған орындықтар өндірілген емес. Отыруға арналған тірек – бұл ағаш жақтаулары бар металл доңғалақ негізіндегі реттелетін ортопедиялық орындық. Креслолар әрбір тапсырыс беруші үшін жеке дайындалатын болады. Жас шектеулері: екі жастан жоғары.

Сондай – ақ, ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген балаларға арналған ойыншықтар өндірісін кеңейту және ынтымақтастық мақсатында “Balaboom” балалар ойыншықтарын дамыту бағытында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер – Саратовтар отбасымен кездесті. Негізінен, олар пазлдар, жартылай қалқа тақталар, ойын модульдері және Қазақстанның табиғаты, салт-дәстүрлері бейнеленген тағы басқа заттарды өндірумен айналысады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий