Жамбылды жырлаған жеңімпаз

Алматы қаласында жалпы білім беру ұйымдарында оқитын шәкірттердің арасында “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылған болатын. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін дүбірлі додаға сырбойылық білімгерлердің атынан қатысқан Шиелі ауданындағы №206 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ержігітова Дильназ дарынымен дараланып, бас жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақтың төл өнері айтысқа бұл жас өренді әкесі Асхат Амиров дайындаған болатын. Ата-анасының айтуынша ол суырып салма сөз саптауды жастайынан меңгерген. Отбасы мүшелері үлкен үміт күттірген бойжеткеннің алар асуы әлі де биік екендігіне зор сенім артады.

Айта кетейік, еліміздің барлық аймағынан жиналған жас айтыскерлердің арасынан оқ бойы оза шапқан өнерлі өрен бұл кезге дейін де түрлі жарыстарда жеңіске жетіп, ауданның ғана емес, облыстық абыройын асқақтатып жүрген болатын. Жүйрік атанған дарынды оқушымызды мерейлі марапатымен шын жүректен құттықтап, ата-анасы мен ұстаздар ұжымына, аудандық білім бөліміне алғыс білдіреміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий