Таптырмас тәжірибе алаңы

Бұл ұйымдастырылып отырған екі апталық курс мен сияқты жас мектеп директорлары үшін таптырмас тәжірие алаңы болғаны даусыз. Осы орайда мүмкіндік жасаған институттың басшылығы мен білім берген тренерлерге және белгіленген тақырыптар бойынша ойларын ортаға салған барлық әрптестеріме ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.

Басқосулар барысында білім саласындағы өзгерістерге орай жасалған көптеген жаңалықтарға қанығып, қажетті мағұлматтар алдық. Әсіресе мектептің материалдық базасын нығайтудағы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі мектеп директорына ұжым басшысы ретінде үлкен жауапкершілік жүктейтіндіктен бұл бағытта өте сауатты болуды талап ететіндігі белгілі.

Өйткені білім беру ұйымының жетекшісі қаржыны үнемді игерілуін үнемі басты назарда ұстап, есеп-қисап мамандарының қызметін қатаң қадағалауы қажет. Курс барысында мемлекеттік сатып алу порталы бойынша жұмыстарды үйлестірудің бұрын білмейтін біраз сырын үйрендім. Әр өңірден келген әріптестермен ортақ мақсаттағы біраз сұрақтарды талқыға салып, түйткілдердің түйінін тарқаттық.

Асылбек Асанұлы САРЫБАСОВ,
№ 49 жалпы орта білім беретін
мектептің директоры, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий