Шеберлігімізді шыңдадық
Америкалық әлеуметтанушы әрі футуролог Олвин Тоффлердің ғаламдық ықпалдастыққа айналатын ақпараттық тасқынға толы жаңа дәуірде жазып, оқи алмайтын адам сауатсыз емес, өзінің алған білімі мен білігін ұдайы жетілдіріп отырмаған маман сауатсыз деген нақыл сөзін ескергендіктен осы екі апталық курсқа ерекше қызығушылықпен мол мәлімет, тағылымды тәжірибе жинау үшін арнайы келген едім.

Он күннен астам уақыт аралығында біз институттың мықты мамандарынан біраз беймәлім нәрселерді үйреніп, біліктілігіміз бен білімімізді байыта білдік. Алдағы уақытта бұл үйренгендерімізді тәжірибе жүзінде қолдану арқылы шеберлігімізді шыңдайтындығымыз айдан анық.
Галия Курманхановна САГИМБЕКОВА,
№23 орта мектептің директоры, Алматы
облысындағы Іле ауданының Боралдай кенті