Аутизм орталығы ашылды

Орал қаласында аутистикалық спектрі бұзылған балаларға қолдау көрсетуге арналған «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан ауданы 675 шаршы метрді құрайтын ғимарат бөлінген болатын. Жаңа орталықта жылына алты жүзден астам бала интервенциялық бағдарламалармен қамтылады, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жаңа орталықтың жабдықталуымен танысып, ұстаздармен және ата-аналармен әңгімелесті. Ол мұндай орталықтың өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, Болат Өтемұратов қорының елімізде аутизмі бар балаларға тиімді қолдау көрсету жүйесін құрудағы күш-жігерін жоғары бағалады. Он жылдан астам уақыт бойы мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасап келе жатқан «Бәйтерек» БҚО ҚҚ» серіктестікте алғашқы аутизм орталығы төрт жыл бұрын ұйымдастырылған еді.

Осы уақыт аралығында кәсіби мамандар аутизмді түзетудің заманауи тиімді әдістерін үйреніп, отбасыларға көмектесу үшін алған білімдерін белсенді түрде енгізді. Диагностика сапасы жақсарып, ерте жаста аутизмді анықтау артқан сайын аутизм орталығының қызметін кеңейту қажеттілігі туындады. 

– Біз жергілікті атқарушы билік басшыларына жаңа заманауи орталық құруға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Ұйымшыл ұжым балалар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасының сақталуына кепілдік беретіндігімен ерекшеленеді. Қабілетті қызметкерлердің іріктелуіне мұқият көңіл бөлдік.

Орталықтың барлық мамандары ғылыми дәлелденген жұмыс әдістемелері бойынша оқытылды. Әдістемелердің тиімділігі республика аумағындағы біздің аутизм орталықтары желісіндегі көп жылдық тәжірибемен расталады, – деді қордың директоры Марат Айтмағамбетов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий