Қаржылық сауаттылық қажет

ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Алматы қаласында еліміздің аймағындағы мектеп жетекшілері үшін кезекті мәрте арнайы курс ұйымдастырған болатын.

Бұл курстың ең басты пайдасы біз еліміздің әр аймағынан жиналған жаңа буын басшылар мектеп директоры уақыт үдерісіндегі тек ғана ұйымдастырушы менеджер емес, қаржылық сауаттылығы жоғары тұлға болуы талап етілетіндігін түсініп, біраз нәрселерді меңгердік. Маңыздысы сол тиісті мүмкіндіктерге жетудің жолын үйрендік.

Демек мемлекет тарапынан қаржы бөлінгеннен кейін қазына қаражатын үнемді түрде қажетті материалдық базаны қалыптастыру мақсатында тиімді жұмсау директордың біліктілігіне тікелей байланысты. Білім беру ұйымы жетекшісінің қазіргі келбетін айқындайтын талаптың бірі осы.

Бұл біздің осы бағыттағы алғашқы басқосуымыз. Институт басшылығы мен мамандары алдағы уақытта осындай түрлі тақырыптағы біліктілікті арттыру курстарын ұзақ мерзімге жоспарлап, жиі ұйымдастырғандарын қалаймыз.

Ербұлан ЖАМАН,
№30 жалпы білім беретін мектептің
директоры Қарағанды облысының
Қарқаралы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий