Жан басына шаққандағы қаржыландыру – өзекті мәселелердің бірі

2021-2022 оқу жылының екінші жартысында облыстық білім басқармасының бұйрығымен ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының жоспарына сәйкес орта білім беру ұйымдарының басшылары білім жетілдіру курсына офлаин форматында жиналғанымызға қуанамыз.

Осы хабарды естіген сәттен бастап шақырылғандардың осы жүздесуді асыға күткеніміз рас. Себебі әлем жұртшылығын дүрліктірген жұқпалы дерттің сақтық шаралары барша педагог қауымын қашықтан жұмыс жүргізуге мәжбүрлегені баршамызға белгілі. Пандемия кезіндегі соңғы екі жылда білім саласында да біраз өзгерістер орын алып, кәсіби мамандар мен басшылардың да заман талабына сай біліктілікті жетілдірудің қажеттілігі туындағандығын жұмыс барысында байқадық.

Бүгінгі білім жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі, әрине жан басына шаққандағы қаржыландырудың жай-жапсары. Институт мамандарынан екі апталық курстың шеңберінде осы бағыттағы сан сауалдарымызға жан-жақты жауап алдық.

Айжан Даулетовна УРАЗАЛИНА,
Фариза Оңғарсынова атындағы №41
мектеп-гимназияның директоры,
Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий