Семейлік зияткерлер ауадан тұщы су алудың жолын тапты

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Пәкжан Ниязбек пен Ерасыл Мырхиев “Забота о земле,забота о людях” арнайы конкурсының финалына өтті. Сайысты «ОЛЖА АГРО» және «ENACTUS KAZAKHSTAN» бірлесе ұйымдастырған. Бірнеше кезеңнен тұрған сайысқа 60-тан астам команда қатысып, өздерінің жобаларын ұсынған, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Арнайы сайыс ауылды жерлердегі халықтың әл-ауқатын көтеріп, ауылдан қалаға жаппай көшудің алдын-алуға бағытталған. Біз ауыл тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жобамен жұмыс жасадық. Соңғы бір жыл бойы жоба бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, еліміз үшін ғана емес әлем бойынша өзекті саналатын күрделі мәселенің шешімін табуға тырыстық. Бір атап өтерлігі –ақтық сынға жолдама алған 8 үміткер командалардың арасында біз ғана мектеп оқушысымыз. Қалғандары жоғары оқу орындарының студенттері, – дейді жас зерттеушілер.

Пәкжан мен Ерасылдың  жобаларының өзектілігі – ауадан тұщы су өндіруінде. «Water from air» құрылғысы ауадан суды конденсация әдісі арқылы алады. Жаңбырдан, тұмманнан немесе шықтан пайда болған атмосфералық су буы тордың суық бетінде конденсацияланып, құрылығының төменгі жағында орналасқан резервуарға жиналады. «Өнімділік ауа- райына тікелей байланысты. Бірақ біздің есептеуіміз бойынша күніне 100 литрге дейін су алуға мүмкіндік бар, – дейді шәкірттеріміз.

Зерттеу негізінен еліміздің халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңіріндегі 5 ауылы бойынша жүргізілген. Аталған ауылдарда су тапшылығы сезіліп, тұрғындар суды тасып ішетіндігі анықталған. Финалда жеңіске жеткен жағдайда шәкірттеріміз ауылға су жинайтын мұнара орнатып, жобаны ары қарай дамыта беруді мақсат етіп отыр. Сайыстың ақтық сыны ағымдағы жылдың 12 мамырында да «ENACTUS Kazakhstan National EXPO 2022» аясында өткізілмек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий