Қостанай облысындағы мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері

Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» тақырыбында Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогтарының бірінші  съезі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараға 100 делегат қатысты. Пленарлық отырыс барысында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің басшысы Т.И. Набатникова сөз сөйледі, ол Қостанай облысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы туралы ақпаратты ұсынды.

Съезге қатысушылардың кең құрамы мектепке дейінгі білім беруді дамытудың түрлі бағыттарының өзекті көрінісін ұсынып қана қоймай, Қостанай облысы педагогтарының тиімді тәжірибелерін жақсы білуге мүмкіндік берді. Съезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Секция жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары ғана емес, бейіндік колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты. Съезд жұмысының қорытындысы бойынша Қарар қабылданды. Съезд жұмысы педагогтердің осындай кәсіби кездесулерінің тиімділігін көрсетті және балабақшалардың жұмыс тәжірибесіне инновацияларды ілгерілетудің негізгі импульсі болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий