Қаржы сауаттылығы – білім беру ұйым басшылары үшін аса маңызға ие

ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Алматы қаласында еліміздің аймағындағы мектеп жетекшілері үшін кезекті мәрте арнайы курс ұйымдастырған болатын.

Мектептердің жан басына қаржыландыруына байланысты жаңаша жұмыстардың жүргізілуіне алынған мәліметтер бойынша үлес қосып келе жатырмыз. Көптеген сұрақтардың шешімін табу жолы бұрыннан да бар болатын. Дегенмен бұл біліктілікті арттыру курсынан үйреген үлгіміз оқушы мен педагогқа қажетті тапсырыстарды әлде де тағы бір мәрте сараптан өткізіп, қайта жоспарлауға септігін тигізері анық. Өйткені іс барысында қате кетпеді дегенімізбен жаңылысқан тұстарымыздың барын байқадық.

Сондықтан алдағы уақытта мүмкіндіктерді мүлт жібермеуіміз үшін көптеген қажетті де құнды ақпараттарды алдық. Себебі бұл білім беру ұйым басшылары үшін аса маңызға ие. Неге десеңіз біз көбіне бұрын есептеу жағы бухалтерлерге жүктелгендіктен үлкен сенім артатынбыз. Бірақ қаржылық сауаттылықты мектеп басшысы да нақты әрі дұрыс білуі міндетті екен.

Гүлзат Тағанбайқызы ЕРЖАНОВА,
орта мектеп гимназияның директоры,
Алматы облысының Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий