ҚарТУ: Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Алаш ардақтыларының мерейтойлары тәуелсіз елдің ақ таңында тойлануы ел мұратының, ұлт мүдесінің жоғары деңгейде екенін көрсетсе керек. Осы орайда Қарағанды техникалық университеті Жол-көлік факультетінің ТТ-21-1с ТТ-20-1, ЛОГ-19-1 топтарының студенттері қазақтың ұлы кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы ұсынылған бейне материалдарды, тарихи қол жазбаларды тамашалай отырып мол мағлұматтар алды. Іс-шара «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушылары Е.Ж. Анбиев., М.А. Жайлаубеков., Е.Ш. Дюсенбаев және деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Т. Оспангалиевалардың қатысуымен онлайн форматта өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: М.О. Әуезовтің  тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу болатын. М.Әуезов өзінің маңдай алды шығармасында Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттаса, басқа елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалай білді.

Осыны ескере келе,  М.Әуезовтің  Абайды әлемге танытқандығын, ал Абай арқылы өзінің әлемге танылғандығын естен шығармағанымыз абзал. Келешек жастарға ұлы тұлғаларымызды насихаттау, таныту арқылы елімізді әлемге танытамыз, қазақ халқынын ұлылығын мойындатамыз. Кемеңгер, ұлы жазушының осындай мерейтойын тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтіп жатқандығымыз, біз үшін, әдебиет пен өнерді жанына серік еткен бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызы ерекше екендігі түсіндірілді.

«Әлем таныған Әуезов» атты айдарда жазушының белгілі әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі?», «Көксерек», «Қараш-қараш» және «Қилы заман» повесі, «Еңілік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Абай», «Қара қыпшақ Қобланды» сынды пьесалары туралы кеңінен ой қозғалды. Осындай шығармалармен сусындап өскен жастардың бойынан ұлт тағдырына деген ерекше көзқарасты аңғаруға болады.

Жалпы іс-шара соңында М.О. Әуезовтың  роман, пьесалары бойынша ТТ-21-1с тобының студенті Джанкеева Айшолпан әзірлеген сөзжұмбаққа арналған сұрақтар қойылып, қатысушылар жауап беріп, сөзжұмбақтың жауабы  анықталды. Сондай-ақ, студенттердің орындауында ән мен күй тартылып, баяндамалар тыңдалып, жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріліп, қысқаша өмірбаяны жайлы бейнебаяндар ұсынылды.

Осы шара қатысқан ұстаздар мен студенттерге көтеріңкі көңіл сыйлап, жақсы әсер қалдырды. Іс-шараны тамашалаған оқытушылар барлық қатысқан студенттерге өз алғыстарын білдірді.

Нургуль КОНУРОВА,
ҚарТУ-дың оқытушысы., п.ғ.м.,
Ермек ДЮСЕНБАЕВ, 
КТжЛЖ кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий