Ұлттық құрылтайдың құрылуы – демократияға және халыққа жақын болатын шыншыл және әділетті қоғам үшін маңызды қадам

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау барысында бірнеше маңызды, өзекті мәселелер қарастырылып, мемлекет алдына жаңа міндеттерді қойды. Олардың бірі – Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекеттің саяси жүйесіндегі билік  құрылымдарына өзгерістердің енгізілуі.

Ең алдымен Перезидент өкілеттігіне шектеулер қойып, халық сайлайтын  Парламент рөлін арттыру мен жаңа құрылымдардың –  Конституциялық Соттың, Ұлттық Құрылтайдың құрылуы – демократияға және халыққа жақын болатын шыншыл және әділетті қоғам құрудың маңызды қадам деп ойлаймын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жергілікті басқару орғандарының қызметтерін арттыру, басқаруға және халық үнін тыңдай білетін, халық өз өтініш-талаптарын айта білуге қолайлы –  әкімшілік аумақтық бөліністерге де өзгеріс енгізуі – жаңа облыс орталықтарының –Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарының құрылуы-  әлеуметтік- экономикалық, тарихи-стратегиялық маңызы бар.

Нұрлыгүл Сапаққызы АЛИКУЛОВА,
Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік
университетінің «Тарих және дінтану»
кафедрасының аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының кандидаты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий