Оқушылар үйіндегі мерекелік концерт

Елордасындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының концерт залында ҚР Республикалық ұланының Президенттік оркестрінің мерекелік концерті ұйымдастырылды, Мерекелік бағдарлама еліміздегі балалар жылы мен ең жарқын және ең мейірімді мереке – Наурыз мейрамына арналған, – деп хабарлайды қосымша білім беруге арналған арнайы ұйымның баспасөз қызметі.

Бұл іс-шараның мақсаты: музыкалық шығармалар арқылы аспаптық орындаушылыққа қызығушылықты арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Президенттік оркестрі Қазақстанның хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да мерекелік іс-шараларының музыкалық бөлігін қамтамасыз ету үшін 1992 жылы құрылған. Шығармашылық ұжым әлемдік музыка мәдениетінің барлық жанрларын қамтиды.

Ал бұл еліміздің музыкалық-салтанаттық бөлігіндегі жоғарғы биліктің «қолтаңба» нышандарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің басқа елдерге сапарын Оркестр әртістері бірнеше рет сүйемелдеп келеді. Көрермендерге И.Сапарбаев, Л.Хамиди, Ш.Қалдаяқов, А Лаус-Линхарт және басқа да халық, әлемдік музыка классиктерінің шығармалары ұсынылды.

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының кішкентай көрермендері үшін оркестрдің орындауындағы мерекелік  концерттің ұнағаны даусыз. Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру ұйымдарының оқушылары да осы мерекенің тыңдармандары болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий