Қазіргі қажеттілікті дөп баса білген көрегенді шешімдер

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған осы кезекті Жолдауын қаңтардағы бүкіл қоғамды дүр сілкінтткен дүрбелең оқиғалар кезіндегі елдің басынан өткен қатерлі күндер, егемендігімізге қауіп төндірген сын сағаттардағы халықтың мызғымас  ауыз бірлігі  туралы  салмақты пікірі мен  ел үшін жанын қиған боздақтардың ерлігін еске ала отырып бастады. 

Алдағы кезеңде  өткен оқиғаларға баға беріп, сол кездегі жағдайдың қалай болғанына халықтың нақты көзін жеткізіп, шындықты айту керектігін де баса айтты.  Дүрбелең кезінде халықтың наразылығын басқа жаққа бұрып, өз мақсаттарына пайдаланып кетуді көздегендер болғанын, «Іштен шыққан жау жаман» деген нақылды халық бекер айтпағанын, сондықтан елдің тыныштығы үшін бәріміздің жауапкершілігіміз жоғары болуын атап көрсетті.

Сонымен бірге қаңтар оқиғасы туралы ақиқатқа жұртшылықтың көзін жеткізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын,  сол кезден бастап ел мүддесіне сәйкес  шешімдер алынып,  мемлекеттің халыққа тиімді өзгерістер жасап, осы оң өзгерістерді ел көзбен көріп, әл-ауқаты жақсара түскенін сезінетіндей болуы керектігіне ерекше көңіл бөліп отырғанын ескертті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтылған мәселелердің шешімі, оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтінін,   еліміздің ішкі және сыртқы жағдайы, жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстардың ауқымы өте кең екенін, сондықтан еліміздің әлеуметтік-саяси өмірінде жаңа кезеңге сай шешімін күткен,  қордаланып қалған атқарылар істер көп екендігін, қазірдің өзінде түрлі салада түбегейлі өзгерістердің басталып  кеткендігін  де нақты деректермен байланыста айтып өтті.

Президент Жолдауындағы алдағы уақытта қолға алынуы тиіс бастамалардың барлығы да маңызды, қазіргі заманның өзі талап етіп отырған қажеттілікті дөп баса білген көрегенді шешімдер деп есептейміз. Бұл Жолдау жыл басындағы орын алған күрделі оқиғалардан кейін халықтың әлеуметтік жағдайына талдау жасалғандығы мен осы бағытта орын алған кемшіліктерді түзету бағытындағы  нақты жұмыстарды атап көрсетуімен ерекшеленіп отыр. 

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауындағы елдің алдағы әлеуметтік жағдайын жақсарта түсуге  арналған шешімдері мен  нақты тапсырмалары  халық тарапынан  қызу қолдау табатынына сенімім мол.

Нұрбол  Абдуллаұлы САДУАҚАС,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің «Қазақ филологиясы»
кафедрасының аға оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты, доцент

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий