Жаңару мен жаңғыру жолына бірге қадам басамыз!

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде қаншама ауқымды жұмыстар атқарылды.

Президент Жолдауындағы «Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз. Осы жолда жұртымызға, ең алдымен, ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет. Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз. Отаншылдық рухы жоғары ел көздеген мақсатына қалайда жетеді. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру.» – сөзі әрбір жанның жүрегінде болуы тиіс.

Жаңа Қазақстан – бұл егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Сондықтан мықты елдердің қатарына теңесу үшін әрбір қазақстандықтың бойында Отанға, елге деген зор жауапкершілік пен сезім болуы тиіс. Өйткені біз кемел келешекті қолымызбен жасаймыз.

«Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз. Жаңа Қазақстанда біз басты қағидатты ұстануымыз керек: әртүрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» – деген Президент сөзі, болашақ мамандар даярлайтын колледж оқытушылары үшін сапалы, бәсекеге қабылетті маман даярлаудың маңыздылығын ұқтырғандай. Жаңа Қазақстанды жаңарту мен жаңғырту жолындағы еңбегіміз баянды болғай! Тәуелсіздігіміз берік болсын!

Арман Қонысбайұлы МУСАЕВ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
директоры, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий