Елдің тарихын келер ұрпаққа жеткізу аманат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жыл сайын Президент Жолдауын асыға күтемін. Өйткені әрбір Жолдау аясында еліміздің өткені мен бүгініне айқын көрінеді. Президент «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алып, еліміздің стратегиялық мақсаттарының орындалуына бастайтын бірқатар бастамаларды ұсынды.

Мен сол басымдықтардың «Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру» атты сегізінші басымдығын оқып отырып ерекше сезімде болдым. Отыз жылдық тарихы бар жас мемлекетіміз даму үстінде. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ахуал өсуде. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстанымы бойынша Шымкент  республикалық маңызы бар қалаға айналса, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы атанып, орталығы киелі Түркістан қаласына көшірілді.

Биылғы Жолдаудағы жаңалық – Президенттің Семей аймағында Абай облысы мен Жезқазған облысының аумағында  Ұлытау облысын құруды ұсынуы. Аймақтардың ішкі инфрақұрылымын жаңарту мен жаңғырту жолындағы бұл бастама өте орынды. Өйткені қандай жағдай болмасын қазақ деген ұлт ата қонысын ешқашан тастамаған, туған жердің қадіріне жеткен. Сондықтан Ұлы Абай туған елдің тарихын келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі қоғамға аманат.

Ұлытау жерінде қазақстандық туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Ал еліміздің бас мегаполисі саналатын Алматы қаласы мен Алматы облысы туралы айтқан Президент сөзін қуаттаймын. Жетісу және Алматы облыстарын құру идеясы Президентіміздің Қазақстан тарихын келер ұрпаққа аман – есен аманаттау деп түсіндім. Өйткені Жолдауда айтылғандай «Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу  оңай емес Алматы облысының орталығы Қапшағайда, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.

Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуының ерекше мәні бар. Біз  ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мәселен, Қапшағай қаласы  халқымыздың біртуар перзенті – Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын.

Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс, пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын.» – деді. «Өткенсіз бүгін жоқ.» Сондықтан да тарихи сәттерде Президенттің бастамаларын толық қолдаймын. Тәуелсіздік жылдары талай қиындықтан өткен  Қазақстан енді Жаңа Қазақстанды құруға бет  алды.

Бұл жолда әрбір қазақстандық өзінің адамдығымен, азаматтығымен, жауапкершілігімен аянбай адал еңбек етуі тиіс. Біз әрбір келер күнге сенгенде ғана, жаңа Қазақстанның келбетіне көз жеткіземіз. Жаңа Қазақстанға бастар жол адал еңбек, озық білім, үздік тәжірибе. Олай болса, жаңа жолда еліміздің қадамы жарқын болғай!

«Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» – деп мемлекет басшысы айтқандай құндылықтарымыз құлдырамасын! Киелі Отанымыздың шаңырағы биік, керегесі кең болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман аман болсын!

Шарбану БАЕКЕЕВА,
Қазалы аграрлы – техникалық
колледжі
директорының оқу жұмыстары
жөніндегі орынбасары, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий