Жаңа бастамалар елімізді ілгері дамытудың кепілі

Жалпы Президенттің халыққа жолдауын бірнеше бағытқа  бөліп талдауға болады. Бірінші бағыт қаңтар оқиғасына қатысты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген бағасы. Біздің ойымызша Президент өзінің әрекеттерін дұрыс бағалап, объективті бағасын берді. Екінші бағыт саяси жүйені жаңғырту бастамалары.

Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуда және демократиялық құндылықтарды еңгізіп, азаматтық қоғам құру үшін маңызды қадамдардың бірі. Президенттің жүргізгелі отырған реформалары болашақта саяси жүйеміздің еркін және бәсекелестік негізде өмір сүруіне мүмкіндік береді. Аталған бастамалар болашақта Парламенттік басқару жүйесінің негізі болмақ. Мысалы, Партияларды тіркеу барысында 20 мыңнан 5 мың адамға азайту Партиялық жүйенің дамуына ықпал етеді.

Президенттің айтуынша:  «Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын».  Жаңа Қазақстандағы жаңа бастамалар еліміздің дамуының кепілі болады деп ойлаймыз.

Нұрбек Әбиболлұлы НҰРҒАЛИЕВ,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің «Қазақстан халқы
Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси
пәндер» кафедрасының оқытушысы,
философия ғылымдарының кандидаты
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий