Ақмола облысы: “Қасиетті домбыра” дәстүрлі байқауы қорытыланды

Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қасиетті домбыра» дәстүрлі облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы. Байқаудың негізгі мақсаты: Қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу және қолдау, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік термеші» номинациялары бойынша 14 аудан мен Көкшетау қаласынан 60 жас домбырашы қатысты. Сыннан сүрінбей, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздар жүлделі орындарды келесідей ретпен бөлісті.

«Үздік күйші» номинациясында: 1 орын – Турсанхан Арсен (Зеренді ауданы), Жаксыбаев Адилет (Есіл ауданы); 2 орын – Аманжолов Амир (Есіл ауданы), Қанатбай Исатай (Аршалы ауданы), Олжабай Жангелді (Көкшетау қ.); 3 орын – Досан Диляра (Целиноград ауданы), Ұлан Мирас (Көкшетау қ.), Тюлешева Меруерт (Зеренді ауданы), Баймурадов Алихан (Шортанды ауданы).

«Үздік дәстүрлі әнші» номинациясында: 1 орын – Алпысбаева Жанерке (Аршалы ауданы), Шалгынбекұлы Ұлағат (Целиноград ауданы). 2 орын – Муратов Әліби (Көкшетау қ.), Бақытбек Ернар (Ақкөл ауданы). 3 орын – Сатыбалдина Малика (Көкшетау қ.), Мон Анель (Целиноград ауданы), Қадыс Аңсар (Целиноград ауданы).

«Үздік термеші» номинациясында: 1 орын – Қазымбек Ұлан (Жақсы ауданы), Сеит Жанболат (Ақкөл ауданы). 2 орын – Абдикулова Ақмаржан (Целиноград ауданы). 3 орын – Әнәс Жарас (Біржан сал ауданы). Жеңімпаздарды құттықтай отыра, жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий